Ұйқы – организмнің фундаментальды қажеттілігі. Ұйықтаған кезде біздің организмнің жасушалары қалпына келеді, иммунитет аккумуляцияланады, бір күнде жинақталған ақпаратты консолидациялау және есте сақтау жүреді. Ұйқының толыққанды және дұрыс режімі – жасқа қарамастан денсаулықтың жақсы болуының кепілі.
Жаңадан туған нәресте үшін ұйқы дені сау болып дамудың негізгі факторы болып табылады. Сәбидің ұйқысы көптеген факторларға: тамаққа, сәбидің өзінің және оның ата-анасының психологиялық және эмоциялық жағдайына, бөлмедегі ауаның сапасына және басқа да көптеген себептерге тәуелді. Өз балаңызға дұрыс және толыққанды ұйқыны қамтамасыз ету үшін, жақсы ұйықтауға арналған кеңестерге құлақ түріңіз:
1 кеңес: өзіңізден бастаңыз.
Сәбидің анасының ұйқысы қанбаса, ол тамақтануына көңіл бөлмесе және жалпы өзін нашар сезінсе, ол тікелей баланың жағдайына әсер етеді. Ұйқыңыздың қанып тұруына, дұрыс және уақытында тамақтануға, және әрқашан өзіңіздің қажеттілігіңізді есепке алуға тырысыңыз. Тек осы жағдайда сіздің балаңыз өзін бақытты бала сезінетін болады.
2 кеңес: режімді реттеңіз.
Өзіңіз және сәби үшін ұйқының уақытын белгілеңіз және осы графикті орындаңыз. «Артық ұйқыға» жол бермеңіз. Әр жастағы балалар үшін ол ауытқып тұрады.
Жас | Ұйқы уақыты |
3 айға дейін | 16-20 сағат |
3-6 ай | 14-15 сағат |
6-12 ай | 13-14 сағат |
12-24 ай | 13 сағат |
2-4 жас | 11-12 сағат |
4-6 жас | 9-10 сағат |
6-12 жас | 8-9 сағат |
12 жастан үлкен | 8 сағат |
3 кеңес: Ұйықтайтын орынды алдын ала дайындаңыз және тетіктер туралы да ойластырып қойыңыз.
Жас ата-аналар сәби дүниеге келгеннен кейін мына дилеммамен кездеседі: бала қайда ұйықтау керек? Ең дұрыс варианты – бала 1 жасқа дейін ата-анасымен бір бөлмеде, бірақ бөлек төсекте ұйықтайды, ал 1 жастан кейін төсекті балалар бөлмесіне ауыстырады. Сәбидің төсегін табиғи матадан тігілген төсенішпен төсеу керек, матрац тегіс, кедір-бұдырсыз болсын, 2 жасқа дейінгі балалар үшін жастық міндетті түрде керек емес. Сонымен қатар бала ұйықтайтын бөлменің ауасын да ұмытпаңыз. Ұйықтар алдында бала ұйықтайтын бөлменің ауасын тазартыңыз және ауа температурасы мен ылғалдылығын реттеңіз. Сәбидің бөлмесінде температура 18-20 °C , ал ылғалдылық 50-70% шегінде болса жеткілікті.
4 кеңес: тамақтандыру режімін сақтаңыз.
Орташа алғанда жаңадан туған сәбилер түнде 1-2 рет тамақтанады. Көбінесе жас аналар түнгі уақытта баланы артық тамақтандырып қояды, ал олар болса түнгі шаншулардан ұйықтай алмай қиналады. 3-6 айдан кейін сәбиге түнде 1 рет тамақтанса, ал 6 айдан соң түнгі тамақтандырудан бас тартса да болады.
5 кеңес: кешкі ресімдерге назар аударыңыз.
Таза ауада қыдыру және кешкі шомылу сәбидің ұйқысын неғұрлым тәтті етеді. Ұйықтар алдында баламен белсенді ойнауды азайтыңыз. Және ең бастысы – ұйықтар алдында балғын және қолайлы жаялық туралы ұмытпаңыз.
Дормикинд
Дормикинд
Жаңадан туылған балалардың және кіші жастағы сәбилердің ұйқысының бұзылуын табиғи түрде түзетеді.