Mama Natura препаратының бірнешеуін бір мезгілде қолдануға бола ма?

Мама натура сериясының бірнеше препаратын  қабылдау аралығы 30 минут болатындай интервалды сақтаған кезде пайдалануға болады.

Mama Natura препаратын қай жастан бастап қолдануға болады?

Дентокинд, Энтерокинд, Дормикинд, Иммунокинд препараттарын туған кезден бастап,  Киндинорм Н препаратын  1 жастан бастап қолдануға болады

Mama Natura сериясының препараттарын 6 жастан кейін қолдануға бола ма?

6 жастан  кейін қолданған кезде жағымсыз әсерлері болмады.

Mama Natura сериясының препараттарын қолданудың ұзақтығы қандай?

Mama Natura сериясының препараттарымен емдеудің курсы әркімге жеке болады,  нұсқаулықпен танысу керек немесе дәрігермен кеңесу керек.  

Mama Natura препараттарының мөлшерлемесі қандай?

Препараттарды қабылдау схемасы туралы толық ақпарат «Препараттар туралы» деген бөлімде сипатталған.

Mama Natura сериясының препараттары қайда өндірілген?

Серияны өндіруші-зауыт DHU Arzneimittel GmbH болып табылады. Зауыт 1961 жылы Германияда  Willmar Schwabe  тобының аясында құрылған және табиғи гомеопатиялық препараттарды өндіруге мамандандырылған.

Mama Natura сериясының препараттары GMP стандарттарына сәйкес келе ме?

Емдеу препараттарын өндіргенде пайдаланылатын барлық табиғи ингредиенттердің сапасы, GMP (Good manufacturing practice – тиісті өндірістік тәжірибе) стандартына сәйкес міндетті  тексеруден өтеді.