Киндинорм Н®

Сипаттамасы:

Препараттың белсенді ингредиенттері назар аудару концентрациясының бұзылуы, шамадан артық қозуы, бір жерде отыра алмау, оқудағы қиындықтар, ұйқының бұзылуы немесе жалпы әлсіздік сияқты әдеттегі симптомдарды тиімді түрде әлсіретеді. Сонымен қатар препарат баланың психикалық жағдайына жайландыратын және тұрақтандыратын әрекет көрсетеді.

Көрсеткіштер:

Назар аудару концентрациясының бұзылуымен, шамадан артық қозумен, бір жерде отыра алмаумен, оқудағы қиындықтармен, ұйқының бұзылуымен немесе жалпы әлсіздікпен ілесе жүретін балалар мен үлкендерде болатын мінез-құлықтың бұзылуы.

Қолдану:

Балалар мен үлкендерде болатын мінез-құлықтық және когнитивтік мазасыздықты жоюға арналған құрамдас дәрілік құрал. Киндинорм Н табиғи құрамға ие, психотроптық құрал (нейролептиктер, седативтілер) болып табылмайды, яғни, оларға тән жағымсыз эффектілерді көрсетпейді.

Нұсқауларды қараңыз

Description

Белсенді ингредиенттер

Қолдану тәсілі

null
1-5 жастағы балаларға
null
2 түйірден

null
Тәулігіне 1-3 рет

null
6-12 жастағы балаларға
null
3 түйірден
null
Тәулігіне 1-3 рет

null
Үлкендерге және 12 жастан үлкен балаларға
null
5 түйірден

null
Тәулігіне 1-3 рет

  • Қабылдау жиілігін жағдай жақсарғаннан кейін азайтуға болады. Түйірлерді тамаққа дейін жарты сағат бұрын немесе одан кейін жарты сағаттан кейін, ауызда жәйлап ерітіп барып қолдану керек.
  • 3 жасқа дейінгі балаларға қолдану ыңғайлы болу үшін, түйірлерді аз мөлшердегі (мысалы, шәй қасық) суда езуге болады.
  • Емдеу курсын дәрігер жеке айқындайды; әдетте ол 8 аптаны құрайды. 8 аптадан кейін жағдай жақсармаған немесе нашарлаған кезде дәрігермен кеңесу керек.

Жиі қойылатын сұрақтар

Киндинорм Н® не үшін қолданылады?

Киндинорм Н® жүйкелік мазасыздықты, гипербелсенділікті жеңуге көмектеседі. Назар аудару концентрациясының бұзылуымен, шамадан артық қозумен, бір жерде отыра алмаумен, оқудағы қиындықтармен, ұйқының бұзылуымен немесе жалпы әлсіздікпен ілесе жүретін балалар мен үлкендерде болатын мінез-құлықтың бұзылуы кезінде көрсетілген.

Көңіл аудару дефициті синдромының (гипербелсенділіктің) әдеттегі симптомдары қандай?

  • Назар аудару қиындығы
  • Ұмытшақтық
  • Шамадан артық физикалық белсенділік
  • Қатты эмоциялық ызалану және есіріктік
  • Моториканың бұзылуы
  • Ұйықтаудың қиындығы

Көңіл аудару дефициті синдромы біздің уақыттың жәй ғана «сәнді шағымы» болып табылмай ма?

Жоқ,  бұл таралған психоневрологиялық мазасыздық, ол балалардың және жасөспірімдердің әлеуметтік, академиялық және кәсіби қалыптасуын нашарлатады.

Баланың гипербелсенділігінің дамуына ата-аналар кінәлі ме?

Көңіл аудару дефициті синдромының себептері көп. Дегенмен де қоршаған ортаның кейбір факторлары баланың мінезіне әсер етуі немесе нашарлатуы мүмкін,  гипербелсенділіктің этиологиялық себептерінің, бәлкім, генетикалық, нейрофизиологиялық және нейроанатомиялық факторлары басымырақ болуы мүмкін.

Көңіл аудару дефицитінің синдромы сенсорлық артық жүктемеден немесе медиа-контентті шамадан тыс қолданудан болуы мүмкін (теледидардағы бағдарламалар, бейнеойындар, ұялы телефондар)?

Ағымдағы пікірге сәйкес, көңіл аудару дефицитінің синдромы артық жүктемеден немесе медиа-контентті шамадан тыс қолданудан;  Алайда бұзылу симптомдары болашақта одан да тереңірек болуы мүмкін. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын орынды және дұрыс пайдалану ұсынылады, әсіресе, шамадан тыс гипербелсенді балалар үшін.

Киндинорма Н®-ның ұсынылатын мөлшерлемесі?

1-5  жастағы балалар:

Қатты ауырып тұрғанда: күніне 1-ден 3 мәртеге дейін 2 түйір (жағдай жақсарғанға дейін)

Келесі доза: қабылдау жиілігін азайту (жақсарғаннан кейін)

6-11   жастағы балалар:

  • Қатты ауырып тұрғанда: күніне 1-ден 3 мәртеге дейін 3 түйір (жағдай жақсарғанға дейін)
  • Келесі доза: қабылдау жиілігін азайту (жақсарғаннан кейін)

12 жасқа дейінгі  және одан үлкен балалар:

  • Қатты ауырып тұрғанда: күніне 1-ден 3 мәртеге дейін 5  түйір (жағдай жақсарғанға дейін)
  • Келесі доза: қабылдау жиілігін азайту (жақсарғаннан кейін)

Киндинорм Н®-ді қанша уақыт пайдалану керек?

Киндинорм Н® – ол гипербелсенділік симптомдары сақталғанда  қолдануға болатын қауіпсіз және жайлы табиғи құрал. Өте жақсы көтерудің  және қауіпсіздігінің жоғары профилінің арқасында, Киндинорм Н® ұзақ мерзім емдеуге де жарамды.

Егер 8 апта емделгенде жағдай жақсармаса, емдейтін дәрігермен  кеңесу ұсынылады.

Киндинорм Н®-ның жағымсыз эффектілері қандай болуы мүмкін?

Киндинорм Н® табиғи ингредиенттер негізінде жасалған препарат.  Қазіргі уақытта препараттың жағымсыз эффектілерінің тізбесі жоқ.

ЕСКЕРТУ:

Бар шағымдар гомеопатиялық препараттарды қабылдаған кезде уақытша нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Киндинорм Н®  препаратын тоқтату және дәрігерге бару ұсынылады.

Киндинорм Н® препаратын қабылдаудың қандай кері көрсеткіштері бар?

Препаратты егер баланың аллергиясы  бар болса, не белсенді ингредиенттердің біреуіне немесе препараттың құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне гиперсезімталдық бар болған кезде қолданбаған дұрыс.

ЕСКЕРТУ:

Киндинорм Н®  құрамында сахароза бар. Егер сіз балаңыздың кейбір қанттарды көтере алмайтынын білсеңіз, Киндинорм Н®-ды   қолданар алдында дәрігерге барыңыз.

Киндинорм Н® препаратын басқа дәрілермен бірге қолдануға бола ма?

Киндинорм Н® -ды  басқа дәрілік препараттармен бірге емдейтін маманнан кеңес алғанннан кейін пайдаланған жөн. Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекет етуі байқалмаған.

Киндинорм Н® препаратының негізгі артықшылығы қандай?

  • Препарат кіші жастағы жастағы балалар үшін арнайы әзірленген.
  • Препаратты 1 жастан бастап қолдануға болады.
  • Киндинорм Н®   табиғи препарат болып табылады және жағымсыз эффектісі жоқ.
  • Өте жақсы көтереді.
  • Клиникалық тиімді
  • Қолданудың қарапайым схемасы, дәмі жағымды.

Киндинорм Н® қалай сатып алуға болады?

Киндинорм Н® дәрілік құрал ретінде жіктелуі себепті, ол тек дәріханаларда ғана қол жетімді. Препарат дәрігердің рецептінсіз беріледі.