Иммунокинд®

Сипаттамасы:

Табиғи кешенді неміс препараты, өзінің мұқият таңдап алынған құрамының арқасында емшектегі балалар мен кіші жастағы жастағы балалардың иммундық жүйесіне өсіп жетілудің қажетті кезеңінен уақытында өтуге көмектеседі, жиі суық тию ауруын қоздыратын инфекциямен күресуде организмнің қорғаныс күшін нығайтады, суық тиіп ауырғанда жазылуға және одан кейін қалпына келуге ықпал етеді.

Көрсеткіштер:

Тыныс алу жолдарының жиі ұшырайтын және рецидивті қатты инфекциялық-қабыну аурулары кезінде иммундық жүйені қолдау.

Қолдану:

Имунокинд 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың иммундық жүйесінің физиологиялық қалыптасуына және инфекцияға, әсіресе жиі ауыратын балаларда болатын инфекцияларға адекватты жауап беруге көмектеседі.

Нұсқауларды қараңыз

Description

Белсенді ингредиенттер

Қолдану тәсілі

null

Балаларға туғаннан

бастап 6 жасқа дейін

null

Дәрі қабылдау

1 таблеткадан тәулігіне 3 рет
null

Емдеу курсы

6 – 8 апта

  • Таблеткаларды тамақ ішкенге дейін жарты сағат бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң, алдымен ауызда еріте тұрып қабылдаған жөн. Емшектегі балаларды емдеген кезде таблеткаларды аз мөлшердегі (мысалы, шәй қасық) суда езуге болады.
  • Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт пайдалануға болмайды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Иммунокинд® не үшін қолданылады?

Иммунокинд® – емшектегі балалар мен кіші жастағы жастағы балалардың жоғарғы тыныс алу жолдарының рецидивті инфекцияларына тұрақтылықты арттыруға арналған препарат.

Балалардың «әлсіз» иммундық жүйесінің әдеттегі белгілері қандай?

  • Инфекцияларды жеңіл қабылдап алу
  • Жоғарғы тыныс алу жолдарының жиі рецидивті инфекциялары
  • Баяу жазылу (жедел инфекциядан кейін)

Балаларда болатын рецидивті инфекциялар қалай сипатталады?

  • Мектеп жасына дейінгі балаларда жылына 8 (-12) * жеңіл инфекциялар (кейінірек сиректеу)
  • Дұрыс емделгеннен кейін жылдам жазылу
  • Созылмалы инфекцияның белгісінсіз өткен инфекциядан кейін, толықтай жазылу

* жеңіл инфекциялар: суық тию, құлақтың ауыруы, тамақтың ауыруы, тонзиллит

Иммунодефициттің белгілері қандай?

  • Иммунодефициттің отбасылық анамнезі
  • Ортаңғы құлақтың (орташа отит) жылына сегіз немесе одан көп рет іріңді инфекциясы
  • Мұрын қуысының жылына екі немесе одан көп рет маңызды инфекциясы
  • Жылына екі немесе одан көп рет пневмония
  • Екі немесе одан көп рет антибиотиктермен аздаған эффектімен, не эффектісіз  емделу
  • Вакцинациялардан кейінгі асқынулар
  • Балаларда: Салмақ қосуға немесе  қалыпты өсуге қабілетсіздік (даму қабілетсіздігі)
  • Ұлпалардың немесе органдардың рецидивті абсцессі
  • Жылына екі немесе одан көп рет ішкі органдардың инфекциясы  (мысалы, менингит, сепсис)
  • Резистентті тері немесе оралды кандидоз
  • Балалардың барлық денесінің, әсіресе алақандары мен табандарының созылмалы қызаруы
  • Рецидивті әдеттегі емес микобактериялары бар кеңейтілген инфекциялар

Иммунокинд® препаратының ұсынылатын мөлшерлемесі қандай?

6 жасқа дейінгі балалар:

  • күніне 3 рет 1 таблетка

Иммунокинд®-ті қанша уақыт пайдалану керек?

Иммунокинд® – ол келесідей мақсаттарда қолдануға болатын қауіпсіз және жайлы табиғи құрал болып табылады: иммундық жүйені нығайту үшін және баланың жоғарғы тыныс алу жолдарының рецидивті инфекцияларына ұшырауын азайту үшін.

Иммунокинд®-ті дәрігердің тағайындауы бойынша ұзақ мезгіл емдеу үшін қолдану ұсынылады.

Егер сіздің балаңызға Иммунокинд® нашар әсер етсе немесе қосымша шағымдар туындаса, дәрігерге барыңыз.

Жағымсыз эффектілері қандай болуы мүмкін?

Иммунокинд® табиғи ингредиенттер негізінде жасалған препарат.  Қазіргі уақытта препараттың жағымсыз эффектілерінің тізбесі жоқ.

ЕСКЕРТУ:

Бар шағымдар гомеопатиялық препараттарды қабылдаған кезде уақытша нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Иммунокинд®  препаратын тоқтату және дәрігерге бару ұсынылады.

Иммунокинд® препаратын қабылдаудың қандай кері көрсеткіштері бар?

Препаратты егер баланың аллергиясы  бар болса, не белсенді ингредиенттердің біреуіне немесе препараттың құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне гиперсезімталдық бар болған кезде қолданбаған дұрыс.

ЕЕСКЕРТУ:

Иммунокинд® құрамында лактоза (сүтті қант) бар. Егер сіз балаңыздың кейбір қанттарды көтере алмайтынын білсеңіз, Иммунокинд®-ті қолданар алдында дәрігерге барыңыз.

Иммунокинд®препаратын басқа дәрілермен бірге қолдануға бола ма?

Иммунокинд®-ті  басқа дәрілік препараттармен бірге емдейтін маманнан кеңес алғаннан кейін пайдаланған жөн. Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекет етуі байқалмаған.

Иммунокинд®препаратының негізгі артықшылығы қандай?

  • Иммунокинд® кіші жастағы жастағы балалар үшін арнайы әзірленген.
  • Препаратты туғаннан бастап қолдануға болады.
  • Иммунокинд® табиғи препарат болып табылады және жағымсыз эффектісі жоқ.
  • Өте жақсы көтереді.
  • Клиникалық тиімді
  • Қолданудың қарапайым схемасы. Иммунокинд®-ті  жұтпау керек, таблеткалар ауызда тез ериді, дәмі жағымды.

Иммунокинд®-ті қайдан сатып алуға болады?

Иммунокинд® препараты дәрілік құрал ретінде жіктелуі себепті, ол тек дәріханаларда ғана қол  жетімді.  Дәрігердің рецептінсіз беріледі.