Description
Белсенді ингредиенттер
Chamomilla D6 Терапиялық сипаттамалары:
- Метеоризммен бірге болатын нәрестенің ішектері түйілген кезде жанды жәй таптырады.
- Ауруға гиперсезімталдық
- Қанағаттанымсыздықпен бірге тынымсыздық
- Баланы тек қолға ұстап қана жұбатуға болады
Cina D6 Терапиялық сипаттамалары:
- Асқазан-ішек жолдары құрысқан кезде спазмологиялық әрекет етеді.
- Емшек сүтінен жиіркену (жұтқанда түйілулер мен диарея болады; сәби ашыған сүтті жиі кері құсады)
- Анық білінетіндей ашушаңдық (мазасыздық)
Colocynthis D6 Терапиялық сипаттамалары:
- Шаншулар жылылықтан жеңілдейді
- Кіндіктің айналасындағы ауруларды азайтады.
Lac Defloratum Терапиялық сипаттамалары:
- Сүтті көтере алмауы себепті ас қорыту бұзылған кезде тиімді
- Сүтті қолданудан симптомдардың жалпы нашарлауы
Magnesium chloratum Терапиялық сипаттамалары:
- Құрғақ үлкен дәретпен іштің қатуы
- Сүтті қорытудағы проблема
Қолдану тәсілі
- Энтерокиндті тамақ ішкенге дейін жарты сағат бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң қабылдаған жөн, бірақ жұтар алдында бала оны ауызында біраз уақыт ұстауы керек.
- Емшектегі баланы емдеген кезде тамшыларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнаған және суытылған сумен араластыруға болады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Энтерокинд® не үшін қолданылады?
Энтерокинд ® * – бұл нәрестелер мен балалардың ішектерінің түйілуін кетіруге көмектесетін препарат.
Балалар шаншуларының әдеттегі симптомдары қандай?
Дені сау баланың қарқынды, ұзақ уақыт және жұбанбай жылауы, артық мазасыздық, іштің желденуі. Шаншыған кезде сәби аяқтарын кеудесіне қарай тартады, жұдырықтарын түйеді және арқасын бүкірейтеді. Баланың мазасын ұйқысыздық алады және көңіл-күйі түседі.
Қандай симптомдар маңызды аурудың белгілері болуы мүмкін?
Салмақты жеткіліксіз қосу, қатты айқайлау (әдеттегіге қарағанда ащылау), дененің қалыпсыз температурасы, шамадан көп құсу, дәретінің өзгеруі (іштің қатуы / қан және / немесе шырыш араласып іштің өтуі), үнемі мазасыздану (бала аз уақыт қана тынышталып, күні бойы жылайды), летаргия (шамадан тыс ұйықтау, бала түк күлмейді)
Препараттың ұсынылатын дозасы қандай?
6 жасқа дейінгі балалар:
- Қатты ауырып тұрғанда: күніне ең көп дегенде 6 рет 3 тамшыдан (яғни, жақсарту болмайынша)
- Келесі доза: күніне ең көп дегенде 3 рет 3 тамшыдан (яғни, жақсарғаннан кейін)
Маңызды қолдану: Энтерокинд® құрамында алкогольдің аз мөлшері бар (дозада 100 мг-нан аз).
Энтерокинд® препаратын балаға қанша уақыт беру керек?
Энтерокинд ® – ол симптомдар кеткенше қолдануға болатын қауіпсіз және жайлы табиғи құрал болып табылады.
Егер сіздің балаңызға Энтерокинд® препараты жақпаса, не препаратты қабылдаған кезде қосымша шағымдар туындаса, дәрігермен кеңескен жөн.
Энтерокинд® препаратының жағымсыз эффектілері қандай болуы мүмкін?
Энтерокинд® – табиғи ингредиенттер негізінде жасалған препарат. Қазіргі уақытта препараттың жағымсыз эффектілерінің тізбесі жоқ.
ЕСКЕРТУ:
Бар шағымдар гомеопатиялық препараттарды қабылдаған кезде уақытша нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Энтерокинд® препаратын тоқтату және дәрігерге бару ұсынылады.
Энтерокинд® препаратын қабылдаудың қандай кері көрсеткіштері бар?
Препаратты егер баланың аллергиясы бар болса, не белсенді ингредиенттердің біреуіне немесе препараттың құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне гиперсезімталдық бар болған кезде қолданбаған дұрыс.
Энтерокинд® препаратын басқа дәрілермен бірге қолдануға бола ма?
Энтерокинд®-ті басқа дәрілік препараттармен бірге емдейтін маманнан кеңес алғанннан кейін пайдаланған жөн. Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекет етуі байқалмаған.
Энтерокинд® препаратының негізгі артықшылығы қандай?
- Препарат кіші жастағы жастағы балалар үшін арнайы әзірленген.
- Препаратты туғаннан бастап қолдануға болады.
- Энтерокинд® табиғи препарат болып табылады және жағымсыз эффектісі жоқ.
- Өте жақсы көтереді.
- Клиникалық тиімді
- Қолданудың қарапайым схемасы
Энтерокинд®препаратын қайдан сатып алуға болады?
Энтерокинд® препараты дәрілік құрал ретінде жіктелуі себепті, ол тек дәріханаларда ғана қол жетімді. Дәрігердің рецептінсіз беріледі.