Дентокинд®

Сипаттамасы:

Дентокинд жүйелі түрде әрекет етеді және қызыл иектің ауыруы, сілекейдің шамадан тыс бөлінуі, қышу, ісіну, қабыну және құлаққа беріліп ауыру, диарея, дененің жоғары температурасы, ішектің түйілуі сияқты тіс шығудың іс жүзіндегі барлық белгілерін жоюға көмектесе алады.

Көрсеткіштер:

Тіс шыққан кезде оталгиямен (құлақтың ауыруы), қызыл иектің ауруға сезімталдығымен, безгекпен және диареямен ілесе жүретін ауру белгілері.

Қолдану:

0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың тісі шыққанда болатын симптомдар мен ауыратын жағдайларды жою.

Нұсқауларды қараңыз

Description

Белсенді ингредиенттер

Қолдану тәсілі

null

Балаларға

туғаннан бастап 1 жасқа дейін
null

Қатты симптомдар кезінде

Алғашқы екі күнде, әрбір сағатта 1 таблеткадан, бірақ тәулігіне 6 таблеткадан көп емес
null

Симптоматиканың білінуі азайғаннан кейін

1 таблеткадан тәулігіне 3 рет
null

Емдеу курсы

Тістің әрбір шыққан жағдайында 2-4 күн
null

Балаларға

жастан бастап 6 жасқа дейін

null

Қатты симптомдар кезінде

Алғашқы екі күнде, әрбір сағатта 2 таблеткадан, бірақ тәулігіне 12 таблеткадан көп емес
null

Симптоматиканың білінуі азайғаннан кейін

2 таблеткадан тәулігіне 3 рет
null

Емдеу курсы

Тістің әрбір шыққан жағдайында 2-4 күн
  • Тіс шығудың әрбір нақты жағдайына байланысты курстан курсқа үздіксіз өтуі немесе курстың қайталануы мүмкін.
  • Таблеткаларды тамақ ішкенге дейін жарты сағат бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін жарты сағаттан соң, алдымен ауызда еріте тұрып қабылдаған жөн. Емшектегі балаларды емдеген кезде таблеткаларды аз мөлшердегі (мысалы, шәй қасық) суда езуге болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Дентокинд®-ті не үшін қолданады?

Дентокинд® тіс шығудың қызыл иектің ауыруы, сілекейдің шамадан тыс бөлінуі, қышу, ісіну, қабыну және құлаққа беріліп ауыру, диарея, нәрестелер мен балалардың денелерінің температурасы шамалы көтерілуі сияқты симптомдарын емдеу үшін жасалған.

Баланың тісінің шығуының әдеттегі белгілері қандай?

  • Сәлекейдің артық бөлінуі, сілекейдің ағуы (көбінесе тістердің шығар алдында басталады)
  • Қызыл иектердің ісуі, қызаруы, сезімталдығының артуы және ауыруы
  • Бала қатты заттарды тістейді және шайнайды
  • Баланың беті кейде ыстық болады және қызарады.
  • Шамадан тыс сілекейдің ағуынан ауыздың айналасына аздап бөртпе шығады
  • Бала мазасыз (жылай береді, мазасыз, қыңыр, агрессивті)
  • Баланы  ұйықтатуда проблема байқалады
  • Асқазан-ішек жолдарының тұрақсыздығы (үлкен дәреті сұйық)
  • Дене температурасының шамалы көтерілуі

Дентокиндтің ұсынылатын мөлшерлемесі?

1 жасқа дейінгі балалар:

  • Қатты ауырып тұрғанда: күніне ең көп дегенде 6 рет  1 таблетка (жақсарту болмайынша)
  • Келесі доза: күніне ең көп дегенде 3 рет 1 таблетка (жақсарғаннан кейін)

1-6 жасқа дейінгі балалар:

  • Қатты ауырып тұрғанда: күніне ең көп дегенде 6 рет  2 таблетка (жақсарту болмайынша)
  • Келесі доза: күніне ең көп дегенде 3 рет 2 таблетка (жақсарғаннан кейін)

Дентокинд®-ті қанша уақыт пайдалану керек?

Дентокинд® – ол тістердің шығуы симптомдары сақталғанда  қолдануға болатын қауіпсіз және жайлы табиғи құрал.

Егер сіздің балаңызға Дентокинд® нашар әсер етсе немесе қосымша шағымдар туындаса, дәрігерге барыңыз.

Дентокинд ®-тың жағымсыз эффектілері қандай болуы мүмкін?

Дентокинд ® табиғи ингредиенттер негізінде жасалған препарат.  Қазіргі уақытта препараттың жағымсыз эффектілерінің тізбесі жоқ.

ЕСКЕРТУ:

Бар шағымдар гомеопатиялық препараттарды қабылдаған кезде уақытша нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Дентокинд ®препаратын тоқтату және дәрігерге бару ұсынылады.

Дентокинд ® препаратын қабылдаудың қандай кері көрсеткіштері бар?

Препаратты егер баланың аллергиясы  бар болса, не белсенді ингредиенттердің біреуіне немесе препараттың құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне гиперсезімталдық бар болған кезде қолданбаған дұрыс.

ЕСКЕРТУ:

Дентокинд ® құрамында лактоза (сүтті қант) бар. Егер сіз балаңыздың кейбір қанттарды көтере алмайтынын білсеңіз, Дентокинд ®-ті қолданар алдында дәрігерге барыңыз.

Дентокинд ® препаратын басқа дәрілермен бірге қолдануға бола ма?

Дентокинд ®-ті  басқа дәрілік препараттармен бірге емдейтін маманнан кеңес алғанннан кейін пайдаланған жөн. Басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекет етуі байқалмаған.

Дентокинд ® препаратының негізгі артықшылығы қандай?

  • Препарат кіші жастағы жастағы балалар үшін арнайы әзірленген.
  • Препаратты туғаннан бастап қолдануға болады.
  • Дентокинд ®  табиғи препарат болып табылады және жағымсыз эффектісі жоқ.
  • Өте жақсы көтереді.
  • Клиникалық тиімді
  • Қолданудың қарапайым схемасы, дәмі жағымды.

Дентокинд®-ті қайдан сатып алуға болады?

Дентокинд® препараты дәрілік құрал ретінде жіктелуі себепті, ол тек дәріханаларда ғана қол  жетімді.  Дәрігердің рецептінсіз беріледі.