Иммунитет барлық организмнің дені сау болуына маңызды роль атқарады
Иммунитетке жауап беретін пайдалы микроорганизмдердің негізгі бөлігі асқазан-ішек жолында болады. Жаңадан туылған сәби өзінің алғашқы қорегін ана сүтінен алады – онда иммунитет үшін жауапты барлық пайдалы микроэлементтер бар. Осылайша, ананың сүтімен бала өзінің иммунитетін қалыптастыру үшін қажет болатын барлық нәрсені алады. Ұйқының қанбауы, ана мен баланың дұрыс тамақтанбауы, қанттың шамадан тыс көптігі мен басқа да көптеген факторлар аурулармен күресетін антителдердің бөлінуіне зиянды әсер етуі мүмкін.
Адамның иммунитеті өмір бойы қалыптасады, бірақ та жас кездегі иммунитеттің қалыптасуы ерекше орын алады. Балалардың иммунитеті 4 деңгей бойы қалыптасады:
Өмірінің 0-28 күнінде :
Баланың иммундық жүйесі құрсақта жатқанда қалыптаса бастайды. Сәби анасының иммунитетінің қорғауында болғанда, оның иммундық жүйесі қалыптаса бастайды. Осы уақытта бала үшін ананың сүтімен барлық қажетті қоректік заттарды алғаны өте маңызды.
Өмірінің 3-6 айында :
Осы кезеңде баланың организмінде белсенді иммунитет қалыптаса бастайды, ал вирустық аурулар неғұрлым белсенді бола бастайды.
Өмірінің 2-3 жылында :
Бұл уақытта баланың иммундық жүйесі әлі де болса пісіп жетілу үдерісінде. Тура осы кезеңде балалар вирустық және бактериалдық аурулармен жиі ауырады.
6-7 жас :
Осы жаста балада белсенді иммунитет пісіп жетіледі, бірақ аллергиялық реакциялардың туындау қаупі өседі.
Бала иммунитетінің әлсіздігін айқындауға болатын белгілер:
- Сіздің балаңыз тез шаршайды және тез ашуланады
- Сәбиде диатез және басқа да тері тітіркенуілері жиі болады.
- Бала жиі түшкіреді және суыққа шалдығады, отит және гайморит сияқты қабынулар пайда болады.
- Сіздің балаңыздың тәбеті нашар, ішегі дұрыс жұмыс жасамайды.
- Ауырып тұрғаннан кейін бала ұзақ уақыт қалпына келе алмайды.
Барлық жоғарыда аталған белгілер әлсіз иммунитеттің қауіпті белгілері болып саналады. Бала имунитетін қолдау үшін, отбасының барлығы өздерінің өмір сүру салтына, дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға және таза ауада қыдыруға ерекше назар аударулары керек. Қажет болғанда, емдеуші маман бала иммунитетін қолдауға арналған препараттар тағайындауы мүмкін. Бұл жағдайда негізінде табиғи ингредиенттер, үздік дәлелді базасы мен халықаралық қауіпсіздік сертификаты бар препараттарға басты назар аударыңыз.
Иммунокинд
Иммунокинд
0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың иммундық жүйесінің физиологиялық қалыптасуына және инфекцияға, инфекцияларға адекватты жауап беруге көмектеседі.