Сүт тістердің шығуы – әрбір сәби өмірінің алғашқы жылында басынан өткеретін ауыртатын үдеріс. Тістердің шығу мерзімдері әркімге жеке және көптеген факторларға байланысты болады.
Фактілер және мерзімдері :
- Баланың сүт тістері 6-8 айда шыға бастайды.
- Алдымен төмен жақтағы ортаңғы тістері шығады.
- 1 жасқа қарай сәбидің шамамен 8 тісі шығу керек.
- 2-3 жасқа дейін сүт тістері әлі өсіп жатады.
- 3 жасқа қарай сәбидің барлық 20 сүт тістері шығуы керек.
- 6-8 жаста сүт тістері біртіндеп азу тістерге ауысады.
Сүт тістердің шығу симптомдары :
- Тіс шығардан бұрын, сәбилердің қызыл иектерінде ақ таңбалар пайда болады,олар қызыл иектің ұлпалары арқылы тесіп шығады.
- Баланың қызыл иектері ісінеді және қызарады.
- Баланың тістері шыққанда баланың температурасы көтеріледі.
- Ол жылайды, ашушаң және мазасыз болады.
- Ұйқы сапасы нашарлайды
- Сәби қолына түскеннің барлығын аузына салады
- Баланың қызыл иегі қышығаннан сілекейі көп бөлінеді
- Кейде мұрынынан да ірің емес сұйықтық бөлінеді. Шырыш сілекей бөлінгенде жұтқыншақтың қабырғасы бойынша өтуіне байланысты, жеңіл түшкіру мен жөтел пайда болады
- Кейбір сәбилердің іші өтеді. Себебі сілекейдің белсенді түрде бөлінуі ішектің қабырғаларының қарқынды түрде жиырылуына әкеледі.
Тісі шығып жатқан сәбиге қалай көмектесуге болады ?
- Тістердің шығуынан болатын қышуды кертіп тістегіш басуға көмектеседі.
- Кертіп тістегішті бірнеше минут тоңазытқышқа қойып қойыңыз, суық кертіп тістегіш қызыл иектің қышуын басады.
- Тістердің шығуын жеделдетін немесе кешіктіретін құрал табуға тырыспаңыз. Кальцийді және басқа да препараттарды қосу тістердің шығу жылдамдығына және кезектілігіне әсер етпейді.
- Баланың қызыл иектеріне жеңіл массаж жасаңыз.
- Иектің астындағы тері сілекейдің көп бөлінуі себепті тітіркенеді, сондықтан тітіркенудің алдын алу үшін, баланың сілекей тиетін терісіне балаларға арналған крем жағып қою керек.
- Сәбидің көп су ішуін қадағалаңыз, себебі сілекей көп бөлінгенде, сәби бойындағы көп сұйықтықтан айрылады.
- Сәбидің қызыл иегіндегі тітіркенуді кетіретін препараттарды тағайындау бойынша өзіңіздің педиатрмен ақылдасыңыз