Балалардың иммундық жүйесі тұрақсыз және көптеген факторларға байланысты: мысалы, отбасындағы және жақын ортадағы психикалық эмоционалды тұрақтылық, өмір сүру жағдайы, тамақ сапасы, тұтынылатын дәрумендер мен минералдардың мөлшері, сонымен қатар дененің жалпы жағдайы мен тұқым қуалаушылық. Ересектермен салыстырғанда баланың ағзасы қоршаған ортаның агрессивтік әсеріне, вирустық және жұқпалы ауруларға көбірек әлсіздеу болып келеді. Дегенмен, табиғат сәбилер туылғаннан бастап-ақ оларға қамқорлық жасайды, оларды ана сүтімен иммунитетті қалыптастыру үшін қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Ана сүті ерекше қасиеттерге ие және де оның құрамында балада сау иммунитетті қалыптастырудың негізгі элементі – иммуноглобулин бар. Баланың ағзасы 6 жастан бастап иммуноглобулинді өз бетінше шығара бастайды, ал өткінші жастың соңында иммундық жүйе біржолата түзіледі. Осылайша, туылғаннан бастап 15-16 жасқа дейінгі кезең, күшті иммундық жүйенің қалыптасуы үшін өте маңызды болып табылады.
От чего зависит иммунитет ребенка?
Қоршаған орта және өмір сапасы
ата-аналардың материалдық жағдайы, жайлы өмір сүру жағдайлары, тұрғылықты жердегі экологиялық жағдай баланың иммунитетін қалыптастыруға тікелей әсер етеді;
Психикалық эмоционалды жағдай және жақын орта
стресстік жағдайлар иммунитетті бұзатындығын барлығы біледі. Үйдегі, жақын ортадағы және балабақша мен мектептегі құрдастар арасындағы қолайлы психологиялық ахуал өмір сүру сапасына жағымды әсер етеді, осылайша күшті иммунитеттің дамуына ықпал етеді.
Тамақтану
сау ағзаның қалыптасуы үшін негізгі факторлардың бірі. Балаға арналған тамақтардың құрамында қажетті дәрумендер, талшықтар мен минералдар болуы керек, олар әртүрлі және нәрлі болуы тиіс.
Тұқымқуалаушылық және туа біткен және жүре пайда болған аурулар
ағзаның жалпы жағдайы да иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді. Егер нәресте тұқым қуалайтын, туа біткен немесе жүре пайда болған алынған аурулармен ауырса, баланың ағзасы күшті иммунитетті қалыптастыра алмайды, өйткені оның барлық күші ауруға қарсы күресуге және аурудан кейінгі қалпына келтіруге кетеді. Көбінесе асқазан-ішек жолдары мен зәр шығару жолдарының ауруларының салдарынан балалардағы иммунитет әлсірейді.
Менің баламның иммундық жүйесі әлсіз екенін қалай анықтауға болады?
Егер бала жылына алты мәртеден астам ауырса, сонымен қатар аурудың қиын және асқынуы болған жағдайда, ал консервативті емдеу баяу және тиімді емес болса, Сіз иммунолог-маманға қаралуыңыз қажет.
Иммунокинд
Иммунокинд
помогает физиологическому формированию иммунной системы у детей от 0 до 6 лет и адекватному ответу на инфекцию, особенно у часто болеющих детей.
Балалардың иммунитетін қалай жоғарылатуға болады?
* Ақпарат тек таныстыру мақсатында берілген және өзін-өзі емдеуге арналған нұсқаулық ретінде пайдаланылмауы керек. Препаратты қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.