Бүгінгі күнде көптеген балаларда гипермобильділік, шамадан тыс сезімталдық пен көңіл бөлудің дефициттілігі байқалады, алайда осындай проблемалардың туындау себептері осы күнге дейін белгісіз. Негізгі болжам дәстүрлі түрде екіқабат кезде әйелдің орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы болып саналады.Осы сәйкессіздік көбінесе генетикалық болып табылады.
Шамадан артық гипербелсенділіктің алғашқы белгісі 6-7 жастан басталады. Бұл маңызды деңгейде баланың оқу және ақпаратты қабылдау қабілетіне ықпал етеді.
Гипербелсенділік синдромдары :
- Бұлшық ет тонусының шамадан тыс жоғарылығы
- Баланың ұйқысы жиі бұзылады
- Себепсізден құсу ұстамасы туындайды
- Мұқиятсыздық және бір орында отыра алмау
- Шамадан тыс импульсивтілік, бала өзінің назарын ұзақ уақыт бір тапсырмаға концентрациялай алмайды.
- Енжарлық, ұқыпсыздық, өзін-өзі әлсіз ұйымдастыру
Шамадан тыс гипербелсенділік проблемасы бала мектепке барған бетте біліне бастайды. Ұзақ уақыт концентрация жасамауға қабілетінің болмауы себепті оған жаттығуларды және үй тапсырмаларын орындау қиынға соғады. Назарын жиі «басқа жаққа бұруы» себепті ақпаратты тиімді игеруге, өз-өзін ұйымдастыруға қабілеті төмендейді, бұл жалпы интеллектуалды дамуға әсер етеді.
Гипербелсенді балаға көмек беруге арналған 5 кеңес :
Гипербелсенді балаға оқу қиынға соғады, алайда дұрыс жол тапқанда және күн тәртібін дұрыс жасаған жағдайда, гипербелсенді балалар өте өнімді бола алады. Гипербелсенді балаға ақпаратты жақсы және тиімді игеру және істі аяғына дейін жеткізуге көмектесу үшін, мына қарапайым ережелерді орындаңыз.
1 кеңес: Баланы мақтаңыз
Кез келген бала үшін өзін позитивті бағалау маңызды, әсіресе бұл гипербелсенді балаларға қатысты, себебі олар мақтағанды, өздерін қоршаған адамдардың оларды қолдағанын жақсы көреді. Баланы жақсы қылықтары үшін және жақсы бағалары үшін мақтаңыз және көтермелеңіз.
2 кеңес: Нақты күн режімін сақтаңыз
Баланың күн режімі неғұрлым нақты болса, соғұрлым оның шамадан тыс белсенділігін бақылау жеңіл болады. Режім тұрақты болғанда, бала қосымша энергетикалық және менталды ресурстарын жаңа жағдайға бейімделуге шығындамайтын болады. Есіңізде болсын, режімді сақтау бір балаға ғана қатысты емес, отбасының барлық мүшелеріне де қатысты болады.
3 кеңес: Спорттың дұрыс түрін таңдаңыз
Гипербелсенді балаға спортпен шұғылдану көмектеседі деген ой шамалы қателеу және ол спорттық секцияны таңдауына байланысты. Баланы агрессияны талап ететін, бокс, күрес және күш көрсетудің басқа да түрлеріне бермеуге тырысыңыз. Белсенді балаға ұжымдық немесе жеке айналысатын, жүзу, футбол, волейбол сияқты ойындарға барған дұрыс. Спортпен күндіз айналысқан жөн, себебі жаттығулар энергияны талап етеді және баланы қосымша қоздырады.
4 кеңес: Баланы тайм-менеджментке үйретіңіз
Гипербелсенді балалардың проблемасы, олар жиі бір орында отыра алмайды. Тапсырмаға толықтай концентрация жасау үшін нақты жоспарлау көмектеседі. Баланы кез келген тапсырманы құрамдас бөліктерге бөлуге және жоспарға сәйкес әрекет етуге үйретіңіз. Осылай оның назарын ауқымды тапсырмаларға, мысалы, үй тапсырмасын орындауға аударуға болады.
5 кеңес: Демалыс туралы ұмытпаңыз
Гипербелсенді балаларға дұрыс және уақытылы демалыс өте керек. Спортты, білімді және басқа да белсенділікті қысқа үзілістермен кезектестіріңіз.
Гипербелсенділік синдромы анық байқалатын балаларға емдеудің кешенді тәсілі керек. Ата-аналар мен балаларға психологтармен, педагогтармен бірлесіп жұмыс істеу керек және қажет болса, емдеу курсына медикаментозды терапияны енгізу керек.
Есіңізде болсын, гипербелсенді бала, егер дұрыс тәрбиелеп және емдесе, өте өнімді және тиімді болуы мүмкін.